«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Пятигор ауылының негізгі орта мектебі» КММ
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Пятигорское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жазғы тіл мектебі

06.08.2021

Қазақ тілі пәні бойнша тілдік ауысым жоспары

Өтетін уақыты: 14.06.2021- 25.06.2021ж.

қазақ тілін мәдениеттер қарым-қатынасының аспабы ретінде қолдану;

оқушылардың тілдік қабілеттерін дамыту;оқушылардың мәдениеттану бiлiмдерiн  кеңейту  және мәдениет аралық  құзыреттілігін  құрастыруына мүмкiндiк туғызу;тілге деген сүйспеншілігін арттыру.

Қазақ тілі сабағында оқушыларды сөзді дұрыс қолдана білуге, өз ойын орнықты жеткізуге, еркін сөйлей білуге жетелейтін тәсілдің бірі – тіл дамыту жұмыстары. Тіл дамыту мақсатындағы жүргізілетін жұмыстар оқушының ойлау қабілетіне, сондай-ақ өз ойын жеткізе білуіне, шығармашылық ізденісіне жол ашады.

Тіл дамытудың басты құралы сөздік қорда жатады. Оқушының сөздік қорының неғұрлым көп болуы және оны тиімді қолдана білуі жүйелі еңбекті қажет етеді. Тіл дамыту жұмыстарында басшылыққа алатын басты мәселелердің бірі оқушылардың сөздік қорды, ауызекі сөйлеу тілін тиімді ережеге сәйкес құра білуінде жатыр. Атақты ғалым С.И.Ожегов ол туралы төмендегіше анықтама береді: «Тіл мәдениетінің жоғары деңгейі- ол тіл арқылы өз ойын дұрыс, дәл және мәнерлі жеткізе алу».

Оқушы тілін дамыту үшін әр түрлі әдістер жұмыстар өткізу керек. Оқушылардың сөйлеу қабілетін дамыту, мәтін бойынша сұхбат құрастыруда, мәтінің мазмұның айтқызуда тірек сызбалардың берері көп. Тіл дамыту жұмысында сөздікпен қолданудың үлкен мәні бар.Сөздікпен жұмыс істеу балалардың сөздік қорын байытуға негіз болып табылады.Ауызекі сөйлеу әдісінің бірі - диалог арқылы дамыту. Диалог құру үшін белгілі бір тақырыпта оқуға байланысты оқушының сөздік қорын дамыту, жаңа сөздер үйретіп, мағынасын ұқтыра отырып, оларды жасайтын формаларды меңгертіп, сөйлем құрауға үйрету, сөз бен сөзді байланыстыруға, ауызша ойларын жүйелі айтуға, әңгімелеуге жаттықтыру керек. Сонда оқушы диалог құру кезінде сауатты сөйлеуге, қазақ тілінің граматикасын ескере отырып диалог дұрыс құруға тырысады.Бұл оқушының тілін дамытады.

Просмотров: 236

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст