«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Пятигор ауылының негізгі орта мектебі» КММ
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Пятигорское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Педагогикалық кеңес № 2.

Педагогикалық кеңес № 2.                                                                                                                                                                                                                                                                           11қарашада 2025ж.«Пятигор ауылының негізгі орта мектебінде» КММ педагогикалық кеңес өтті. Кеңес алдында мектеп директоры 2-нші тоқсанға педагогикалық ұжым жұмысының негізгі бағыттарын белгілеп, білім сапасын арттыруға, ата-аналармен өзара іс-қимылды күшейтуге және цифрлық білім беру ресурстарын тиімді  пайдалануға баса назар аударды. Директордың оқу-тәрбие жұмысының Людмила Сергеевна Батырбаева 1-інші тоқсандағы оқушылардың үлгерімі мен білім сапасына талдау жасады.Педагогикалық кеңес барысында білімді түзету диагностикасы, оқудағы олқылықтарды  жою, сондай-ақ оқу мотивациясы төмен оқушыларды психологиялық  қолдау үшін  жасанды интеллект  пен Bilim Class платформасын пайдалану мәселері қаралды. Бастауыш сынып мұғалімі Сейтгалиева З. Р. мониторинг  және  жеке түзету жұмыстарын ұйымдастыру бойынша ұсыныстар  берді. Педагог-психолог Чиглинцева Т. А. оқу мотивациясын арттыру және ата-аналарды білім беру процесіне тарту тәжірибесімен бөлісті. Педагогикалық кеңес Угатьева Е. М. жүргізген «Заманауи педагог моделі және педагогикалық этика принциптері» тақырыбында коучингпен аяқталды. Отырыс қорытындысы бойынша оқытудың тиімділігін арттыруға  және әрбір оқушы үшін қолайлы білім беру ортасын құруға бағытталған шешімдер қабылданды.


Текст