Текст
19 наурыз күні Жаңару күні аясында еріктілер қозғалысының мүшелері мектеп аумағында сенбілік ұйымдастырды. Оқушылар қоқысты жинап, қарды тез еріту үшін тегістеп, мектеп ауласын ретке келтірді.
Олардың еңбегінің арқасында аула таза әрі жайлы болды. Мұндай бастамалар мектептің сыртқы көрінісін жақсартып қана қоймай, оқушылардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттырады.