Текст
12.10.2026
9 қазанда "Пятигор ауылының негізгі орта мектебінде" КММ-де дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері бастауыш сынып оқушыларына арналған «Көңілді сөре» атты жарқын спорттық мереке ұйымдастырды.
Қызықты эстафеталар, шапшаңдықты талап ететін жарыстар, ептілік пен нағыз командалық рух! 💪
Оқушылар спорттық сайыстарға белсене қатысып, бір-біріне қолдау көрсетті және соңғы кезеңге дейін жеңіске деген жігерлерін танытты.
Шынайы қуаныш, шат күлкі, көтеріңкі көңіл күй мен жеңіске деген құлшыныс бұл күнді балалар үшін ерекше әрі ұмытылмас мерекеге айналдырды! 🌟
Спорт – бірліктің бастауы, мінезді шыңдайтын, табандылыққа тәрбиелейтін және бірге жеңіске жетуге үйрететін күш!