«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Пятигор ауылының негізгі орта мектебі» КММ
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Пятигорское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар қағидалары

Осы қызмет бойынша «Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Пятигор ауылының негізгі орта мектебі» КММ-нің  мемлекеттік қызметке жауапты Умрыхина Галина Владимировнаға жүгіну қажет, тел: 87164899484.

 

 

 

 

 

 

"Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізілімі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Мектепке дейінгі ұйымдардың барлық түрлері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі, "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

30 минут.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/ қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Мектепке дейінгі ұйым мен баланың ата-анасының бірі немесе заңды өкілі араcында жасалған келісім шарт немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері

Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығында көрсетілетін қызметті берушінің белгілеген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін.

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрліктің www. edu. gov. kz интернет-ресурсында;

2) www. egov. kz. порталында орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызмет

көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

көрсетілетін қызметті берушіге және порталда:

1) қабылдауға арналған жолдама (берілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде жарамды);

2) "Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

3) көрсетілетін қызметті алушының (ата-анасының бірінің немесе заңды өкілінің) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

4) баланың туу туралы куәлігі немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

5) "Денсаулық сақтау ұйымдарының № 065/е нысанды профилактикалық екпелердің картасы;

6) "Денсаулық сақтау ұйымдарының № 027/е нысанды анықтама;

7)психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы (ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін).

көшірме);

9

ҚР заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) ұсынған құжаттардың анық еместігін анықтау;

2) ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің ҚР НҚ актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

 3) мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" ҚР Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы;

4) мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді НҚ актіде көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда.

Жаңартылған күні: 19.02.2024 23:00
Құрылған күні: 20.02.2024 13:27

Текст