Текст
Желтоқсанның 25-нде 3-4 сыныптарда 2 тоқсанның қорытынды бойынша ата-аналар жиналысы өтті.Сынып жетекшісі Угатьева Е. М. ата-аналарды оқушылардың үлгірімімен таныстырып, оқудың қалыптасуының маңыздылығы туралы айтып және қысқы демалыстағы қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық өткізді. Мектеп басшысы Сидоренко О. М. ата-аналарды цифрлық платформа Alagan туралы ақпарат берді. Ата-аналар жиналысы жылы, достық атмосферада өтті.
