«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Пятигор ауылының негізгі орта мектебі» КММ
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Пятигорское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

БАСТАУЫШ СЫНЫПТАР ОНКҮНДІГІ БАСТАЛДЫ!

12.10.2026

БАСТАУЫШ СЫНЫПТАР ОНКҮНДІГІ БАСТАЛДЫ! 🎉📚

Бүгін, 12 қазанда, "Пятигор ауылының негізгі орта мектебінде" КММ -де бастауыш сыныптар онкүндігінің салтанатты ашылуы өтті!

Онкүндіктің ашылуы салтанатты жиынмен басталып, оқушылар алдағы іс-шаралар жоспарымен танысты. Алда жас білімпаздарды қызықты тапсырмалар, танымдық сайыстар мен жаңа жаңалықтарға толы күндер күтіп тұр!

Алғашқы күннің жалғасы тапқырлық пен логикалық ойлауды қажет ететін қызықты математикалық лотереяға ұласты. Оқушылар ой ұшқырлығын, зеректігін, тапқырлығын және логикалық ойлау қабілеттерін көрсетті. Әрбір дұрыс жауап үшін жас білгірлер тәтті сыйлықтарға ие болды! 🍬

Онкүндіктің алғашқы күні балаларға ерекше қуаныш сыйлап, жағымды әсерге, көтеріңкі көңіл күй мен достық қарым-қатынасқа толы болды!

Бастауыш сыныптар онкүндігі білімге құштарлықты арттыратын, шығармашылық қабілеттерді дамытатын және жаңа жетістіктерге жетелейтін шынайы білім мерекесіне айналсын! 🌟

📐 ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАР – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ!

Бастауыш сыныптар онкүндігі аясында 4-сыныпта «Қозғалысқа берілген есептер. Денсаулық – өмірлік құндылық» тақырыбында математика пәнінен ашық сабақ өткізілді.

Сабақ барысында инновациялық оқыту технологиялары, цифрлық білім беру ресурстары және жасанды интеллект мүмкіндіктері тиімді қолданылды.

Оқушылар интерактивті тапсырмаларды орындап, жұппен және өз бетінше жұмыс істеді, өмірмен байланысты практикалық есептерді шығарды. Бұл жұмыстар олардың логикалық ойлау қабілетін, математикалық сауаттылығын және алған білімдерін күнделікті өмірде қолдану дағдыларын дамытуға бағытталды.

Заманауи білім беру технологияларын қолдану сабақтың қызықты, қарқынды әрі танымдық сипатта өтуіне ықпал етті. Сонымен қатар оқушылардың оқу белсенділігін арттырып, әр баланың жеке ерекшеліктері мен білім деңгейін ескеруге мүмкіндік берді.

Сабақта денсаулықты өмірлік құндылық ретінде бағалауға, салауатты өмір салтын ұстануға және математикалық білімді күнделікті өмірде тиімді пайдалануға ерекше назар аударылды.

Заманауи технологиялар, белсенді оқыту әдістері мен шығармашылық ізденіс – сапалы білім берудің негізі! ✨

 

Просмотров: 60


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст