«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Пятигор ауылының негізгі орта мектебі» КММ
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Пятигорское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар қағидалары

Осы қызмет бойынша «Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Пятигор ауылының негізгі орта мектебі» КММ-нің  мемлекеттік қызметке жауапты Умрыхина Галина Владимировнаға жүгіну қажет, тел: 87164899484.

"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау" көрсетілетін мемлекеттік қызметтің негізгі талаптарының тізбесі"

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қолжеткізуарналары)

- Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары; - "электронды үкіметтің" веб-порталы: www.egov.kz;

- www.egov.kz-те тіркелген ұялы байланысының абоненттік құрылғысы арқылы

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

2 жұмыс күн

4

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған) Қағаз түрінде/проактивті түрде

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

1) құжаттарды қабылдау туралы қолхат (еркін нысанда);

2) үйде жеке тегін оқыту туралы бұйрық.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері

Мемлекеттік қызмет, сонымен қатар проактивті түрде жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

Қызмет беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

1) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсы;

2) www.egov.kz.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қызмет алушыдан алынатын қажетті құжаттар тізбесі және мәліметтер

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:

1) өтініш (еркін нысанда);

2) үйде оқыту бойынша ұсынымдармен коса дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы.

Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:

1) өтініш (еркін нысанда);

2) үйде оқыту бойынша ұсынымдармен коса дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) ондағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі анықталған жағдайда;

2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен ақпараттың, мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін қажетті мәліметтердің, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптардың сәйкес келмеуі.

 3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 19.02.2024 22:54
Құрылған күні: 20.02.2024 13:30

Текст