«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Пятигор ауылының негізгі орта мектебі» КММ
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Пятигорское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Әке, ана, мен спорттық отбасымын»

25.02.2023

Барлық отбасы мүшелері салауатты өмір салтын ұстануы керек. Өйткені ата-ана баласына үлгі.
Мектепалды даярлық сыныбында салауатты имиджді қалыптастыру мақсатында педагог Кусаинова Ш.К. «Әкем, анам, мен спорттық отбасымын» атты спорттық отбасылық мереке өткізілді.
Спорттық эстафетаға 3 отбасылық команда қатысты: Вероника Бойконың отбасы – әпкесі Алина мен атасы Жаңбырша Негметжанұлы, Сабыр Маржанның отбасы – анасы Анаргүл және ағасы  Даниярдың,  отбасы Тимофеев Арсенийдің – әпкесі Татьяна және әкесі  Анатолий.
Шара қатысушылардың құттықтау сөзімен басталды. Музыкалық қыздыру байқаудың барлық қатысушыларын біріктірді. Командаларға өздерінің спорттық шеберліктерін көрсете алатын қызықты, кейде өте қиын жарыстар ұсынылды. Ал отбасылық жарыстардың ересек қатысушылары ептілігі, құмарлығы және жеңіске деген жігері жағынан балалардан еш кем түспеді. Командалар спорттық жарыстарда өздерінің ептілігін, шеберлігін, достық жұмысын көрсетуге тиіс болды.
Жанкүйерлер мен көрермендер оқиғаның барысын қадағалап, қатты қобалжыды. Әрбір жаңа жарыс сайын жағдай қыза түсті. Спорт мерекесі сәтті өтті! Жарайсыңдар балалар мен ата-аналар!
Орындар қалай бөлінгеніне қарамастан, байқаудың барлық қатысушылары мен көрермендері көптеген жағымды эмоциялар мен жағымды әсерлер алды. Мереке сәтті өтті. Барлық қатысушылар дипломдармен және тәтті сыйлықтармен марапатталды.

Просмотров: 394


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст