Текст
     
                                
             16.12.2021
                16.12.2021
        15 желтоқсан күні ауылдық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мерекелік концерт өтті. Концерттік бағдарламаға Пятигорский мектебінің оқушылары, «Пятигорочка» фольклорлық ұжымы, аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары қатысты. Домбырашылар ансамблінің орындауындағы халық және заманауи әндер, аспаптық музыка шырқалды. «Жұлдыз» би тобы ұлттық элементтері бар биді тарту етті.