«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Пятигор ауылының негізгі орта мектебі» КММ
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Пятигорское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мұғалімдер күні. Мереке тарихынан.

03.10.2021

Ұстаздар күні - тәрбиешілердің кәсіби мерекесі. Қазақстанда мұғалімдер мен тәрбиешілер кәсіби мерекелерін қазан айының бірінші жексенбісінде атап өтеді. Мұғалімдер күнін құрудың тарихи алғы шарасы 1966 жылы 5 қазанда Парижде өткен мұғалімдердің мәртебесі жөніндегі арнайы үкіметаралық конференция болды. Нәтижесінде ЮНЕСКО мен Халықаралық еңбек ұйымының өкілдері «Педагог мәртебесіне қатысты ұсынымдар» құжатына қол қойды. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйектегі Жолдауында мемлекет мұғалімдерге әрқашан қолдау көрсететінін баса айтты. «Біз мұғалімдерді қолдау саясатын жалғастырамыз. Сонымен қатар, жаһандық өзгерістер жағдайында, бітіруші еңбек нарығына шыққанға дейін алған білімнің ескіруі ықтималдығы жоғары. Сондықтан тиісті министрліктің алдында оқу бағдарламаларын жаңа шындыққа бейімдеу бойынша шұғыл міндет тұр », - деді Мемлекет басшысы.

Биылғы жылы мұғалімдердің кәсіби мерекесі қарсаңында ҚР Білім және ғылым министрлігі «Ұстазыңды құттықтаймын!» Challenge сайысын бастады. Челленджге қатысу үшін мұғалімдер күнінің # хэштегімен мәтін немесе фото, видео құттықтау жариялау қажет. Акцияның мақсаты - мұғалімдерге ауыр, бірақ маңызды және ізгілікті еңбектері үшін алғыс айту. Акцияға қазіргі мектеп оқушылары да, мектеп бітіргендер де қатыса алады.

Просмотров: 302

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст