«Ең қымбат қазына – тіл» Әр тіл-бүкіл әлем.
Тілдің ұлы құндылығы күнтізбеде маңызды күнмен белгіленеді. Жыл сайын қыркүйек айында Қазақстанда Тілдер күні атап өтіледі. Бұл Қазақстанның барлық халықтары үшін ортақ мереке. Қазақстан халықтары тілдерінің онкүндігін өткізу кезінде Пятигор ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде өткен әрбір іс-шара оқушылар үшін зор әсер қалдырды деп, ойлаймын. Дәстүр бойынша онкүндік онлайн форматта қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткізу жоспарланды.
06.09.21. Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне орай өтетін онкүндіктің салтанатты ашылуына арналған сынып сағаттары өтті.Сынып жетекшілері "Язык-душа народа" сынып сағаттарын өткізді, онда олар Қазақстандағы тілдердің дамуы туралы қызықты материалдар көрсетті, оқушылар өлеңдер оқыды.
07.09.21. Мектеп кітапханашысы Құсаинова Ш.К оқушылардың назарына үштілділікті меңгеруге көмектесетін «Тіл- ұлт қазынасы» кітап көрмесі ұйымдастырды.
10.09.21.«Ана тілін және озге халықтың тілдерің сыйлау әр -азаматтың міндеті » ,«Уважение родного языка и языка других народов – долг каждого гражданина» тақырыбы бойынша жоғары сынып оқушылары үшін эссе жазу сайысын орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Кузнецова И.Е., Тимофеева Е.И.өткізді.Эссе жазу нәтижесінде 9-шы сынып оқушылары Исахов М.,Сеилова Д.,Сенин Н.,10-шы сынып оқушысы Балацко О.,жүлделі орынға ие болды.
10.09.-17.09.21аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Давлеталина Б.К. «Абай дана, Абай дара қазақта» атты өлендер челленджін 6-8 сыныптар арасында ұйымдастырды. Балалар Абай атамыздың өлеңдерін жатқа оқып,оқу шеберлігін көрсетті.
10.09.21.«Тіл –достықтың алтын көпірі» өзге ұлт өкілдері арасында аудандық челлендж. Бұл челленджге 5-ші сынып оқушысы Сидоренко Е. қатысты. Мемлекеттік тілде, өлеңді мәнерлеп оқыды.
15.09.21.Өзге ұлт өкілдерінің арасындағы «Өлең сөздің патшасы» атты қазақ тілінде өлең оқу марафоны өтті.Қатысқан оқушылар 5-ші ,10-шы сынып оқушылары.Ұймдастырушы Нарботина З.К.қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі.
15.09.21.«Ең үздік мақала» атты аудандық байқау. Қатысушы Нарботина З.К. қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі.
Барлығы іс-шаралар мазмұнды, «Facebook» әлеуметтік желілерде жүктеліп тұрды. Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте! (Қадыр Мырза Әлі). Бұл ой біздің мектепте ҚР халықтарының тілдер онкүндігінің барлық іс-шараларын өткізу барысында маңызды болды. Онкүндік жаңа оқу жылының жақсы бастауы, болашақ жеңістер мен табысты оқудың кепілі болды.
Орындаушы:қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нарботина З.К.
17.09.2021ж.