Біздің мектепте педагогикалық этика нормаларын сақтау мәселелері бойынша педагогикалық ұжыммен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Әңгімелесу барысында мынадай мәселелерге ерекше назар аударылды:
*Балаларды тәрбиелеудегі мұғалімнің жеке үлгісінің мәні;
*Кәсіби және жеке өмірде лайықсыз мінез-құлыққа жол бермеу;
*Әлеуметтік желілерде жарияланымдардың педагогтің имиджін қалыптастырудың әсері;
*Білім беру мекемесінің моральдық келбеті мен беделі үшін жауапкершілік;
Мұғалімнің мектепте де, жеке өмірінде де оқушылардың және әріптестердің алдында жоғары деңгеійн сақтау және үлгі болу керектігін туралы айтылды. «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес мұғалім педагогикалық этика нормаларын сақтауға міндетті.Педагогикалық этиканы бұзу тәртіптік теріс қылық ретінде қаралады және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес тәртіптік жауаптылыққа әкеп соғады. Сондай-ақ , педагогикалық этиканы бұзушылықтардың алдын алуға, оның ішінде интернет басылымдарда және әлеуметтік желілерде көпшілік алдында сөз сөйлеу кезінде алдын алу жұмыстары жүргізілді. Мұғалімдерге өз сөздерінде , әсіресе қоғамдық кеңістікте дұрыс және әдепті болу қажеттілігі туралы еске салынды. Сындарлы емес сыннан бас тарту, этикаға жат сөздер айту және жалған ақпарат тарату мәселелеріне ерекше назар аударылды.Сындарлы емес сыннан бас тарту, этикаға жат сөздер айту және жалған ақпарат тарату