«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Пятигор ауылының негізгі орта мектебі» КММ
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Пятигорское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2025 жылға мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі «Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Пятигор ауылының негізгі орта мектебі» КММ есебі

Жарқайың ауданының мемлекеттік мекемелерімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қызметтерді іске асыратын мемлекеттік органдардың бірлестірілген жүйесіне енеді.

Тұрғындарға көрсетілетін мемлекттік қызметтің сапасын арттыру бұл азаматтар арасында мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін арттырады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың негізгі аспектісі.

            Мемлекеттік қызметтер келесі негізгі принциптердің негізінде көрсетіледі:

- ата-тегінің, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайының, жынысының, нәсілінің, ұлтының, тілінің, дінге қатысанысың, сенімінің, тұратын жерінің немесе басқа да жағдайлардың себебін кемсітпеусіз қызмет алушылардың тең қол жетімділігі;

- мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында былық және бюрократизм көріністерін болдырмау;

- мемлекеттік қызмет көрсету саласында есепшілік пен барлығының байқалып, көрінуі;

-   мемлекеттік қызметтің сапасы мен қол жетімділігі;

- Мемлекеттік қызметті көрсету процессін үнемі жетілдіріп отыру;

-   мемлекеттік қызметті көрсетудегі үнемділік пен тиімділік.

Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Пятигор ауылының негізгі орта мектебі» КММ мемлекеттік қызметтің 15  түрін көрсетеді:

  1.  «Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» -8;
  2. «Жалпы білім беретін мектептердің, лицейлер мен гимназиялардың мектепалды сыныбына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау»-6;
  3. «Мектепке қабылдау туралы өтінішті кері қайтарып алу» -0;
  4. «Балаларды "1" сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды қабылдау» -4;
  5.  «Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау»-0;
  6. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау» -0;
  7. «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну»-0;
  8. «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну»-0;
  9. «Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиенушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру» -3;
  10. «Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету» -38;
  11. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау» -3;
  12. «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»-1;
  13. «Білім туралы құжаттардағы мәліметтерді өзектендіру (түзету)»-0;
  14. «Педагогтердің аттестаттаудан өтуі үшін құжаттарды қабылдау» -0;
  15. «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бос немесе уақытша бос лауазымына орналасу конкурсына қатысу үшін педагогтердің құжаттарын қабылдау»-0;

  Барлық мемлекеттік қызметтер ҚР 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер туралы»  Заңының 24-бабының негізінде ақысыз көрсетіледі. 

Мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында мемлекеттік органдар  Қазақстан Республикасының Конституциясымен негізделген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88- V Заңын және бекітілген ережелері басшылық етеді.

     2025 жылы Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Пятигор ауылының негізгі орта мектебі» КММ мемлекеттік қызметтің 7 түрі бойынша 63 қызметі көрсетілді, олардың ішінде: ЭҮП арқылы -8; қағаз түрінде-47; АЖ байланыс арқылы-8;

2025 жылы жүргізілген сараптаманың негізінде Пятигор ауылының негізгі орта мектебінде ең талап етілетін мемлекеттік қызметтер-«Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету» -38.

     Мемлекеттік қызметтің көрсетілу реті туралы ақпарат мектептің интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде шығарылады. Мемлекеттік қызметтің ережелерін бекіту мүмкіншілігі бойынша сайттың бұл бөлімі үнемі жаңартылып тұрады.

Сонымен қатар ақпарат мемлекеттік органдарда, жалпыға қолжетімді орындарда, ақпараттық стендтерде, instagram, facebook әлеуметтік желілерінде орналастырылған.

Сондай-ақ Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Пятигор ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде» КММ мемлекеттік қызмет көрсету ережелері және оларды көрсету реті жарияланған стенді ресімделген.

         2025 жылы мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі мен мүмкіндіктері туралы халықты хабардар ету жөніндегі іс-шаралар бойынша instagram әлеуметтік желісі арқылы 11 жарияланымдар жарияланды, 2 тікелей эфирлер  өткізілді.

           2025 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсаны аралығында мемлекеттік қызмет тұтынушыларынан жергілікті атқарушы органдарға шағым түскен жоқ.

  Мемлекеттік қызметті көрсету сапасына бақылау жүргізу, мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг және бағасы келесі принциптерге негізделеді:

1) заңдылық;

2) объективтілік;

3) турашылдық;

4) туралық

        Қызметті тұтынушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттандырылуының әрі қарай тиімділігі мен жетілдіру үшін  2026 жылы  мемлекеттік қызметті уақытылы көрсетуге бағытталған ұйымдастырушылық сипаттағы сәйкес келетін шаралар қолдану.

    «Электронды үкімет» порталы, Мемлекеттік корпорация орталығы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметті қолданушылардың санын арттыру бойынша жұмысты жалғастыру.

 

 


Текст