«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Пятигор ауылының негізгі орта мектебі» КММ
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Пятигорское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2016-2017 оқу жылының (сертификатталған 3 деңгей) қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нарботина З.К. есебі.

27.06.2017

Қазіргі кезде бір орында тұру мүмкін емес. Өмір өзгерді, өмірмен бірге оқушылар да өзгеріп жатыр. Ал біз мұғалімдер оқушылардың қоршаған ортасымен бірге олардың  көзқарастарын өзгертуге көмектесуіміз керек. Сол себептен ең біріншіден мұғалімдер өздері де өзгеру керек.  2014жылы желтоқсан айында  деңгейлік курсты аяқтаған соң мен өз сабақтарымда 7 модульдік бағдарламаны қолдана бастадым. Жылда күнтізбелік жоспарым бойынша қысқа мерзімді  жоспар құрастырып, сол жоспар бойынша күнделікті жоспар жазамын. Күнделікті жоспар

құрастырғанда мақсаты қолжетімді,  денсаулықты сақтау технологиясына назар аудару керек. Балалар сабақта  түрлі

кластерлерді , синквейн құрастыруды ұнатады. Топтық  жұмыс барысында бір-біреуін тындап, көмектесіп отырады. Әрине топтық жұмысты жиі қолданамын деп айталмаймын, өйткені топтық жұмыстар көп уақыт алады сол себептен сабақ барысында жұптық, жекеше жұмыстарын да қолданамын. Оқушылар   үйлерінде  әр түрлі тақырыпта ақпараттар   дайындап,презентация және шағын баяндамалар дайындап әкеледі. Сабақ барысында оқушылар  өзін-өзі бағалау және жұптық жұмыс барысында қасында отырған оқушыны бағалауға үйренді.Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында  сөйлеу мәдениетіне көп назар аударамын,оқушылар алдына  өз ойын толық жеткізуге талап қоямын. Рефлексия жасағанда карточкалар, смайликтер, жазбаша, ауызша түрлерін, АКТ құралдарынан интербелсенді тақтаны, ноубук, ұялы телефондарды қолданамын.

Сабақта постерді қолдану  стратегиясы өте қолайлы деп санаймын. Өйткені оқушылардың сөйлеу тілін дамытады. Орта мерзімді жоспарлау,   мұғалімдерге сабақтарды қайталамауға мүмкіндік береді .

2016-2017 оқу жылының  сабақ үлгерімінің  салыстырмалы кестесі.

сыныптар

1тоқсан

2тоқсан

сапасы

үлгерімі

сапасы

үлгерімі

5сынып

88

100

88

100

7сынып

42

100

50

100

8сынып

42

100

50

100

9сынып

62

100

50

100

Оқушыларымның сапалы білім жетістіктері.

2016-2017оқу жылы

Қазақстандық қашықтық «Зият-2016» олимпимадасына қатысып, Митасова Люба 5сынып- 2орын, Балацко Олеся 5 сынып-3орын, Митасова Елизавета 6с.  2 орын, Жүсіпбекова Д. 8с. 1 орын, Батырбаева Анна 8с. ІІ орынға ие болды.

«Фариза, Фаризажан, Фаризақыз» байқауына қатысып «Эстрадалық вокал» номинациясы бойынша Өтеген Мадина 8 сынып оқушысы І орынға ие болды.

«Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасының аудандық «Тілші-әдебиетші» бағыты бойынша ІІ орын алған үшін Батырбаева Анна 9 сыныпоқушысы марапатталды.

« Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасының аудандық «Тілші-әдебиетші» бағыты бойынша ІІІ орын алған үшін Абрамова Валентина 7 сынып оқушысы марапатталды.

Шығармашылық олимпиада қазақ тілі олимпиадасының аудандық  «Ұлттық қолтанбалы өнер номинациясы»  бойынша ІІ орын алған үшін Батырбаева Анна 9 сынып оқушысы марапатталды.

Батырбаева Анна  9 сынып оқушысы,аудандық Абай окуларының «Жүйріктен жүйрік озар  жарысқанда»  байқауына 

қатысып, I дәрежедегі дипломмен марапатталды.

Аудандық шығармашылық байқауы. Мектепке даярлық тобының тәрбиеленушісі Уткина Ангелина  Әдеби көркем номинациясы  бойынша ІІ орынға ие болды.

Мектепте мұғалімдер даму жоспарына сәйкес «Ұлттық аспаптар» 7сынып, «Ақпарат құралдары» 9 сынып ашық сабақтар өткіздім. Биыл 2016-2017 оқу жылы «Қазақ тілі және әдебиеті: әдістеме» журналына, Ана тілі газетіне, Арқа ажары газетіне жазылдым.

Болашақта қосымша ресурстарды пайдалану, әр түрлі жұмыс түрлерін жетілдіру, бағалау түрлерін,  әр түрлі тәсілдерді, рефлексия, модульдік бағдарламаны әрі қарай  жетілдіремін. Сабақта сын тұрғысынан ойлауға

үйрету арқылы оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамытамын.

Просмотров: 314


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст