«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Пятигор ауылының негізгі орта мектебі» КММ
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Пятигорское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Курстық дайындық бойынша ақпарат

14.07.2017

Мен, Давлеталина Бахатгуль Кублановна, қазақ тілі мен  әдебиет пәні мұғалімі Жарқайың ауданы, Пятигорский орта мектебі   «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығы» акционерлік қоғамы филиалдары базасында 2017 жылдың 15 мамыр жəне  3 маусым аралығында  «Казақ тілі жəне қазақ əдебиеті» бағдарламасы бойынша өткізілген орта білім мазмұнын жаңарту шеңберіндегі біліктілікті арттыру курсына қатыстым.

Есіл қаласында  орыс мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері  «Қазақстан Республикасы орта

білім беру мазмұнын жаңарту аясында орыс сыныптарында қазақ тілін оқыту» бағдарламасы бойынша 31 мұғалім біліктіліктерін арттырды. Біз, 3 апта көлемінде қазақ тілін жаңа мазмұнда оқыту бойынша дәріс-тренингтер тыңдап, көптеген оқу стратегияларын, тілді үйретудің әдіс-тәсілдерін, алған білімдерін  тәжірибеде қолдана білудің егжей-тегжейін үйрендік. Сонымен қатар бұл курста  білім мазмұнын бағалаудың ерекшеліктеріне де назар аудардық. Курстан алған әсерім өте көп. Маған 3 апта көзді ашып-жұмғандай тез өтті. Осы ретте қазақтың «Ақылды көп жасағаннан сұрама, көп білгеннен сұра» деген жақсы бір сөзі ойыма оралып отыр.  Біздің білімге деген ықыласымызды оятып, дәріс берген тренеріміз Жұмажанова Сәуле Болатовнаға алғысым шексіз. Сәуле Болатовна өте білімді, өз ісінің шебері, өте еңбекқор, сонымен қатар талапшыл ұстаз маман екендігін көрсете білді.  Көңіл қойып, ой түйетін маңызды сәттер ерекше:  шиыршықты оқытудың мазмұны, жаңа бағдарлама бойынша әр сабаққа қысқа мерзімді жоспар құрастыру, аудармасыз оқытудың тәсілдері, төрт дағды бойынша (айтылым, тыңдалым, жазылым, оқылым) оқып үйренген тренингтер біздің педагогикалық  білімімізді  тереңдете түсті. Білім алудан еш жалықпадық. «Ат аунаған жерде түгі қалар» демекші, курсты жақсы көрсеткіштермен тәмамдадым.Курстың негізгі мақсаты: қазақ тілі мен әдебиет  пәні бойынша білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру. Курс ұстаздарға жаңа леп, тың идеяларды ұсынып, орыс мектептерінде қазақ тілін меңгертудің тиімді жолдарын айқындап берді.

Просмотров: 287


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст