«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Пятигор ауылының негізгі орта мектебі» КММ
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Пятигорское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«ЭКСПО – 2017» туралы біздің әсеріміз.

25.07.2017

Экспо - бұл  әлемнің 100 еліне Отанымыздан шықпай-ақ  баруға, туысқандармен  қызықты және танымды  уақытты өткізуге мүмкіндік береді. Экспо жай көрме емес, бүкіләлемдік көрме. Сол себептен бір күнде көру мүмкін емес. Кіре берісте еріктілер қарсы алып, нұсқаларды  ұсынып, келушілерге бағыт бағдар беріп тұрады. Сондай-ақ,  кіру қасында  ақпараттық орталығы бар. Осы жерден   Экспо картасын қазақ, ағылшын және орыс  тілдерінде алуға болады. Біз өзіміздің саяхатымызды  ең үлкен алып  шар ғимараты қабылдаушы Қазақстанның  Нұр Әлем павильонынан бастадық. 1-ші қабат салт- дәстүр мен тарихына  арналған, әрбір келесі қабат жаңартылатын энергияның бір түріне - ғарыш энергиясына , күн, жел, су, биомасса, механикалық және кинетикалық энергиясына  арналған. Бұдан әрі 

корпоративтік павильон, онда уран энергиясын пайдалану туралы  айтылды, тағыда  көргеніміз ол  виртуалды шындық және ойындар ойнауға болады -  Антарктидада аюларды құтқару  немесе Марста  пайдалы кристаллдарды  жинау. Содан кейін біз  қатысушылар - мемлекеттердің павильондарына бардық. Әрине барлығын аралауға үлгірмедік,  қазіргі заманғы өнер мұражайына баруға уақытымыз болмады. Қатысушылар елдердің  көрмесі танымды, белгілі, қойылған  жаңартылатын энергия көздерін болашақта  қайда , қалай пайдалануға болатынын көрсетілген және сол ел туралы көп пайдалы мәліметтер ұсынылған. Кейбір павильондар  көрмесінде әр түрлі  заттар : сувенирлер, киімдер, дәмдеуіштер

және т. б. бұйымдар ескерткішке  сатып алуға болады.

Балалар жол бойы  ұзақ ой-пікірлерімен бөлісіп, шексіз қуанып келді.Біз өзіміз  шет  елдерде саяхатта болған сияқты әсер алдық .

Просмотров: 406


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст