«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Пятигор ауылының негізгі орта мектебі» КММ
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Пятигорское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Орыс мектебінің 6-7 сыныптарына арналған «Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты интеллектуалды-лингвистикалық турнир.

20.09.2017

Мақсаты: оқушылардың зеректік қабілетін дамытып, ой-өрісін кеңейту, білімге құштарлығын арттыру, озық ойлы оқушыны анықтау. Оқушылардың дүниетанымын, білімге қызығушылығын, ойлау, ойды жүйелеу қабілеттерін арттыру. Өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зерделі тұлғаны тәрбиелеу.

Сыныптан тыс шара интербелсенді тақта арқылы жүргізіледі.

Әдісі: командалар жарысы.

1-топ «Білім»

2-топ «Алғыр»

Ойынның өту барысы:

1 Ойынның мақсатымен таныстыру.

2 Ойынның шартымен таныстыру

3 Ойыншылармен таныстыру

4 Әділқазылар алқасымен таныстыру

5 Жеңімпаз топты анықтау

6 Жеңімпаз топты марапаттау

Жарыстың кезеңдері:

І Қызықты деректер

ІІ Көңіл сергіту

ІІІ Әдебиеттану

ІҮ Өлкетану

Ү Бекет  (бұл бөлімде топ басшыларына сұрақтар қойылады)

ҮІ Шешендік өнер

ҮІІ Кім көп сөз біледі?

І кезең «Қызықты деректер» Бұл кезеңде команда 20 сұраққа тез және дұрыс жауап беруге тиісті (дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі)

1 Қазақ алфавитінде неше әріп бар?

2 Алтын жұмыртқаның анасы… 

3 «Ғылым таппай мақтанба» кімнің өлеңі?

4 Қазақ әліпбиін құрастырған кім? 

5 Күләш Байсейітова кім?

6 «Қалам» неше буынды сөз?

7 Аю баласын не дейді? 

8 Қазақ тілінде неше дыбыс бар? 

9 Жалғау түрлерін ата.

10 Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табы. 

11 «Менің атым-Қожа» атты шығарманың  авторы кім?

12 Бір аптада неше күн?

13 Зат есім нені білдіреді?

14 Қоян баласын не дейді? 

15 «Бай баласы мен жарлы баласы» кімнің әңгімесі? 

16 «Дос» неше буынды сөз? 

17 Қазақ тілінде неше сөз табы бар? 

18 Әбіхан Қастеев кім? 

19 Бір тәулікте неше сағат бар? 

20 «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңінің авторы кім?  

ІІ «Көңіл сергіту»  Бұд кезеңде командалар сөзжұмбақты тез дұрыс шешуге тиісті (сөзжұмбақты бұрын және дұрыс шешкен команда бұл кезеңде жеңімпаз болып есептеледі, оларға 2 ұпай беріледі. )

1 Жылдың соңғы айы

2 Аптаның бесінші күні

3 ҚР ұлттық валютасы

4 Оңтүстік Астана

5 Қазақстан ғарыш айлағы

6 Бие сүтінің сусыны

7 Жүз жыл

8 Абайдың шешесі

9 Көктемнің бірінші айы

ІІІ «Әдебиеттану»   Бұл кезеңде әр команда өзі таңдаған ақыны туралы әңгімелейді, бір өлеңін жатқа айтады (кезек таңдау). 1-10 ұпаймен бағаланады.

ІҮ «Өлкетану»  Бұл кезеңде  әрбір команда берілген  бейнесуретке мағлұмат береді. (1 ұпай)

Ү «Бекет»  Бұл бөлімде топ басшыларына сұрақтар қойылады. (2 ұпай)

1-топ «Білім» Көп тіл білетін адамды  кім дейді? 

2-топ «Алғыр» Қазақ тілі қандай тілдер тобына жатады?   Қазақстан қандай мемлекет? )

ҮІ Шешендік өнер»

1 Бұл кезеңде мақал-мәтелдер беріледі, бірінші бағанада мақалдың жалғасы берілген. Команда мақал-мәтелді дұрыс

құрастыруы тиіс. (дұрыс құрастырылған мақал-мәтелге 1 ұпай беріледі)

2 «Бүгінгі Қазақстан-менің мақтаным» тақырыбына шығарма (1-10 ұпаймен бағаланады)

1 Туған жердей жер болмас, бірлігі күшті ел озар.

2 Әкені көріп  ұл өсер, жалқаудың жаны тәтті.

3 Еңбектің наны тәтті, туған елдей ел болмас.

4 Бірлігі жоқ ел тозар, білім-теңіз.

5 Метеп-кеме,  тұзы жоқ тағам.

6 Адам досымен, ананы көріп қыз өсер.

7 Досы жоқ адам- ағаш тамырымен мықты.

8 Ырыс алды- бірлік-байлық.

9 Байлық байлық емес, досы жоқпен сырлас.

10 Досы көппен сыйлас, ынтымақ.

11 Еріншекке бүгіннен ел ерсіз болмайды.

12 Әркімнің өз жері ертең оңай.

13 Бірлік бар жерде  оттан да ыстық.

14 Отан  жұмақ.

15 Жер гүлсіз болмайды, тірлік бар.

ҮІІ «Кім көп сөз біледі?»  Бұл кезеңде әрбір команда берілген уақыт аралығында (1 минут) берілген сөзден бірнеше сөз құрастырады. (көп сөз құрастырған команда бұл кезеңде жеңімпаз болып есептеледі, оларға 2 ұпай беріледі) Берілетін сөздер: 1-топқа «Қазақстаным» ,2-топқа-«Отанымыз».

 

Просмотров: 419


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст