«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Пятигор ауылының негізгі орта мектебі» КММ
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Пятигорское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ҚАЗАҚ ТІЛІ-КӨНЕ ТІЛ

09.12.2020

« Пятигорский орта мектебі»  ММ

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Нарботина З.К.

 

                                                ҚАЗАҚ ТІЛІ-КӨНЕ ТІЛ.

«Қазақстанның болашағы қазақ тілінде»

Н.Ә. Назарбаев.

     Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі.Адамды мұратқа жеткізген – ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз , ана тіліміз – қазақ тілі.Ол халық тарихы мен бірге жасап, ұрпақтан ұрпаққа қатынас құралы ретінде қызмет етіп келеді. 1989 жылы   22-қыркүекте қазақ тілі мемлекеттік мәртебе алды. Конституцияда «Қазақстанда мемлекеттік тіл – қазақ тілі» деп жазылған.

Қазақ тілі- тарихи терең ,көне тіл.Ол түркі тілдерінің тобына жатады. Түркі тілі алты топқа бөлінеді. Қазақ тілі қыпшақ тілдер бұтағындағы ең бай және көркем тіл. Қазақ тілі сан ғасырлық тарихында басқа түркі халықтарымен қонысы, саяси-шаруашылық жағдайы тығыс байланысы болғаны  тілі де,өте ұқсас болды.

  Қазақ  рулары өзінің даму жолында  туысқан түркі халықтарына ортақ Орхон Енисей, Талас және т.б. көне жазуларды қолданды. Кейін ислам діні енуіне байланысты төл жазулар ығыстырылып, арап таңбасы алмастырды. Бұл жазу 1928 жылға дейін пайдаланды. Төл жазудың керемет нұсқасын  жасаған  ұлы рефарматор – Ахмет Байтұрсынұлы  төте жазу үлгісін, 24 әріптен тұратын жаңа әліпби ұсынды. Кеңестік  кезеңнің басында  ұлттық  жазу таңбасы латын, кейін кирилл қарпіне көшірілді.

1929-1940жылдар аралығында халқымыз латын графикасы негізіндегі әліпбиді пайдаланды. Ал 1940 жылдан бастап қазіргі қоланыстағы кирилл қарпіне негізделген әліпби қолданылып  келеді.

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында : «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең  түсініп, байыппен  қарап  келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері  мұқият дайындалдық» деп айтқан еді.

Қазіргі кезде қоғамда латын әліпбиіне көшу мәселесі көтерілуде. Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Түрікменстан сияқты  туысқан халықтар латын әліпбиін қолданады. Дүниежүзілік ақпараттық жүйеде латын әліпбиінің орны үлкен.Сондықтан латын әліпбиіне көшу мәселесі шешімін табуы тиіс.

Еліміздің латын әліпбиіне көшу ұлтымыз үшін жасалған маңызды қадамдардың бірі. Ұлы Дала елінің тарихына көз жүгіртсек, бірінші тұғыры байлық - жер, екінші – тіл, үшіншісі – мемлекет және оның тарихы болуы керектігі айқындалады. Латын әліпбиі сондай-ақ ғылым мен техникада, әсіресе компьютер тілі ретінде кеңінен қолданылады. Түркі және жаһандық әлемімен ықпалдасуға, қазақ халқы ертеден қолданған әліпбиімізге қайта оралып,ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашады демекпін.Сондықтан латын графикасына негізделген қазақ  жазуын жасау – заман талабы,уақыт сұранысы.


 

Просмотров: 503


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст